ҚХР-дағы Халықаралық көрме: Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыру

ҚХР-дағы Халықаралық көрме: Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыру

Қазақстан үшін Қытай басым туристік нарықтардың біріне айналып келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бізге Аспан асты елінен шамамен 120 мыңнан астам саяхатшы келді. Бұл былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64% көп. Сарапшылар қытайлық жихангездердің күрт артуын өзара визасыз режим және екі ел арасындағы авиарейстер санының ұлғаюымен байланыстырады. Мамандар бұл көрсеткіш әлі меже еместігін алға тартады. Елге туристер ағынын еселеу көзделіп отыр. Осы мақсатта Бейжіңде өткен халықаралық мамандандырылған көрмеге Қазақстаннан 20 компания қатысты. Олардың ұсыныстары мен жаңа туристік бағыттары тізілген ұлттық стенд былтырғыдай шара қонақтарының қызығушылығын тудырды. Айта кетейік, көрмеге 20 астам елден 100 жуық шетелдік туристік өндіріс өкілдері қатысты. Тараптар тәжірибе алмасып, кездесулер өткізді. Сондай-ақ, саланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.


Даниел Сержанұлы, Kazakh Tourism Басқармасы төрағасының орынбасары:


– Бейжіңде өтіп жатқан көрменің нәтижесінде алғашқы күні Алматының туризм күні, Астананың таныстырылымы нәтижесінде 10 астам келісімшартқа қол қол қойылды. Бұл демек еліміздің бас қалалары Астана мен Алматыға туристік топтар алып келеді деген сөз. 


Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?