Жібек жолы ескерткіштерінің виртуалды көрмесі

Жібек жолы ескерткіштерінің виртуалды көрмесі

Қазақстанның ұлттық музейі Жібек жолы ескерткіштерін виртуалды көрмеде ұсынды. Экспонаттар арасында қыш бұйымдар мен көне монеталардан басқа Алтын адамды да көруге болады. Жобаны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі ұйымдастырды. Экспозицияда өнер туындыларының көшірмелерімен қатар Ұйымның Дүниежүзілік мұра объектілері мен сәулет ескерткіштері туралы мәліметтер көпшілік назарына ұсынылды. Келушілерді әлем бойынша мәдени мекемелердің мұрағаттары да қызықтыра алады. Виртуалды көрмеде Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстанның ұлттық музейлерінен Жібек жолының мәдени мұрасын сипаттайтын 60 көрнекті музей жәдігері жинақталды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?