Қырғызстан астанасында суретшілер байқауының қорытындысы
шығарылды. Шеберлер бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, мүсін графика
санаттары бойынша 230-дан астам жұмыс ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша,
байқау әртүрлі жастағы қылқалам шеберлерінің басын қосты. Оның ішінде ең үлкені 90 жаста. Қатысушылар өз
еңбектерінде тәуелсіз елдің тарихын, қырғыз мемлекеттілігінің бастауында тұрған
белгілі тұлғалардың бейнелерін салған. Жас буында тың туындыларымен
ерекшеленді. Мәселен ұлттық көркем өнер академиясының студенті Айдана
Бейшенбаева байқауда табиғи саздан жасалған керамикалық бұйымдарын ұсынды.
Айдана Бейшенбаева, Ұлттық
көркем өнер академиясының студенті:
- Мына керамикалық вазаларды жасауға 5 ай уақыт жұмсадым.
Бұл жұмыстар ойымды қорытып, эскиздер жасаудан басталады. Одан соң саз әзірлеп,
қандай оюлармен өрнектейтінімді анықтап аламын. Олардың қырғыз этникасына
қатысты арнайы мән маңызы бар. Бұл біздің көне тіліміз. Яғни, алғашқы әріптер
десем болады. Жел, су мен толқынды білдіретін өрнектер салдым.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

