Биыл
жетісулық диқандар рекордтық көлемде қант қызылшасын жинады. Жиын-терім науқаны әлі
жалғасып жатқанын ескерсек, көрсеткіш қазіргіден де арта түспек. Осылайша жиналған өнім көлемі 600
мың тоннадан асады деген болжам бар. Шаруалар
мұндай көрсеткішке тың технологияның арқасында қол жеткізіп отырмыз дейді.
Тимур Маматаев, шаруа:
- Бұл енді ғылыми түрде айналысқанның нәтижесі деп
ойлаймын. Әр гектарынан 700-750 центнерден қант қызылшасын алып жатырмыз. Бұл
енді ә дегенде бастаған жеріміз, бұдан да жоғары болады деп үміттеніп жатырмыз
енді.
Жалпы
Жетісу өңірінде қант өндірісін өркендету үшін үкімет қызылша өсірушілердің
жанар-жағармайы мен қоса тұқым, тыңайтқыш, суын да субсидиялап береді.
Нәтижесінде егіс көлемі де жылдан жылға ұлғайып келеді.
Нұрдәулет
Кененбаев,
Жетісу облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы
- 2022
жылы бізде 4-ақ мың гектар қант қызылшасы себілсе, былтыр біз 8 мың 700-ге жеткіздік. Ағымдағы
жылы бұл бағыттағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр деп айтуға болады.
Өнім
жылдағыдан мол болғандықтан, құмшекер шығаратын зауыттар да өндірістік қуатын
арттырған. Олар қазір алқаптан келген тәтті түбірлерді тәулік бойы үздіксіз
қабылдауда. Биыл зауыттар жалпы 90 мың тоннаға жуық қант өндіру жоспарлап отыр.