Қазақстанда жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 3600 грант берілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ең көп өтініш Түркістан және Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан келіп түскен. Ал ең азы Ұлытау және Ақмола облыстарынан.

Айта кетейік, грантқа көп балалы отбасылар, мүгедектер және мүмкіндігі шектеулі балаларды асыраушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, асыраушысынан айырылғандар, қандастар мен қоныс аударушылар өтініш бере алды. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша бағалады. Сонымен қатар биыл барлығы 9 мың грант беру жоспарлануда.