Қазақстан Президенті Премьер-министрді қабылдады

Қазақстан Президенті Премьер-министрді қабылдады

Қазақстанда бүгінде жалпы инвестиция көлемі 2,3 трлн теңгеден асатын 45 ірі өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр. Бұл жәнінде Президентпен кездесуде Премьер-министр мәлімдеді. Мемлекет басшысына еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету бағытындағы шаралар туралы есеп берілді. Олжас Бектенов Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көлік саласын дамытуға қатысты Президент жүктеген міндеттерді орындау бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде баяндады. Вегетациялық кезең мен жиын-терім жұмыстарына дайындық барысы жөнінде де айтылды. Егістікті сумен қамтамасыз ету және ылғал үнемдеу технологиялары енгізілуде. Шаруаларға толық көлемде қолдау көрсетілуде. Жыл басынан бері ауыл, орман және балық шаруашылығындағы өнімдер мен қызметтердің жалпы көлемі 4% өсті. Сонымен қатар, елімізде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық трансформациялау жөнінде ақпарат ұсынылды. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында экономикада институционалдық өзгерістер жасауға, өңірлерді дамытуға және инвестиция тартуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?