Қазақстанда автокөлік жолдарын салу, жөндеу және күтіп-ұстауға арналған
79 жаңа материал кешенді сынақтан өтеді. Қазір
олар зертханалық тексеруден сәтті өтті. Енді елдің әртүрлі жол учаскелерінде
қолданыстан өтеді. Сынақ нәтижесі қай технологиялардың кеңінен қолдануға
қолайлы екенін анықтауға көмектеседі. Мұндай тәсіл жол құрылысының сапасын жақсартып қана
қоймай, инновациялық шешімдерді алдын ала іріктеудің тиімді жүйесін құруға
мүмкіндік береді. Олардың арасында отандық ғылыми әзірлемелер де
бар. Сынақтар RCMbase цифрлық
платформасы аясында жүргізіледі. Бұл – жол-құрылыс материалдары мен жаңа
технологиялардың, зертханалар мен өндіріс қуатының бірыңғай базасы.
Ерік Әмірбаев, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ вице-президенті:
- Қазір базада 153 технология мен материал бар. Оның 41-де
«жасыл» статусы бар. Демек бұл технологиялар толық енгізіліп жатыр. Бұлар битум
түрлері, топырақты тұрақтандыру әдістері, технологиялық процесстер, техникалық
карталар және тағы басқалары. Барлығы базада көрсетілген.

