Қазақстанда ұлттық тауарлардың каталогы енгізілді

Қазақстанда ұлттық тауарлардың каталогы енгізілді

Қазақстанда ұлттық тауарлардың каталогы енгізілді. Бірыңғай ақпараттық ресурс тауардың өндірістен немесе импорттан сатуға дейінгі жолын қадағалауға мүмкіндік береді. Үкіметте сауданы цифрлық трансформациялау перспективалары талқыланды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша тамыз айының ортасынан бастап каталогты өндірушілер, дистрибьюторлар және сатушылар қолданатын болады. Цифрлық базада таңбалауға жататын тауарлар туралы барлық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде жинақталады. Сонымен қатар, таңбаланатын тауарлар тізбесі де кеңейтілуде. 2025 жылдың соңына дейін таңбалау мотор майлары үшін, ал 2026 жылдан бастап - жеңіл өнеркәсіп тауарлары, зергерлік бұйымдар мен биоқосымшалар үшін міндетті болады. Премьер-Министр сондай-ақ агромаркетплейс пен қадағалау жүйесін іске қосу жөніндегі бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Олар ауылдық елді мекендерде экономикалық белсенділіктің өсуіне ықпал ететін болады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Сауда министрлігіне салалық мемлекеттік органдар мен әкімдердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етуді тапсырамын. ауыл шаруашылығы министрлігі жыл соңына дейін агро маркетплейсі арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жұмысын ынталандыратын тетіктерді әзірлесін. Сыртқы сауда қызметі аясында тауарларды әкелу үдерістерін автоматтандыру, мәмілелердің ашықтығы мен сертификаттау мәселелерінде бизнеске көмек көрсету қажет. Сауда министрлігіне Қазпоштамен бірлесіп жыл соңына дейін В2В электрондық сауда алаңының пилоттық жобасын іске қосуды тапсырамын.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?