Өткен демалыс күндері эфирге
шыққан Silk Way Star халықаралық вокалдық байқауының төртінші эпизоды шоу
тарихындағы ең бірегейі болды. Өнер шекара талғамайды. Осы жолы қатысушыларға бір-бірінің ана тілінде ән шырқауға мүмкіндік
берілген. Яғни, өнерпаздар қытай, тәжік, өзбек, малай сияқты тілдерде өнер
көрсетуі тиіс болды. Ал, кімге және
қандай тілде ән шырқауды арнайы жеребе тастау рәсімі анықтады. Бұл кезең
сайыскерлер үшін нағыз сынақ болды. Оның нәтижесінде бірінші орынды қытай
тілінде ән орындаған моңғолиялық Мишель Джозеф пен моңғол тілінде ән салған
малайзиялық Язмин Әзиз бөлісті. Екеуі де 120 ұпай жинады. Жалпы, жобаның 4
эпизодының қорытындысы бойынша Қазақстан өкілі Әлем 470 ұпаймен көш бастап тұр.
Оның табанын 450 балл жинаған Моңғолия мен Малайзия өкілдері басып келеді. Көшбасшылар
қатарында Грузия мен Өзбекстан орындаушылары бар. Олар 448 баллдан жинаған.
Айта кетерлігі, бұл кезеңде жобамен ешкім қош айтысқан жоқ. Демек барлық
қатысушылар өнер бәйгесін жалғастырады. Эпизод нағыз мәдени саяхатқа айналды. Ал,
алда оларды шешуші сәт және Жібек Жолы жұлдызы жобасының үлкен финалы күтіп
тұр.
Мишель Джозеф, Silk Way Star қатысушысы, Моңғолия:
- Бұл менің тәжірибемдегі естен кетпес ерекше
қойылым болды. Бәрі ойдағыдай өтті. Мен бишілер мен музыканттарға алғыс айтқым
келеді. Олардың өнері мені қуаттандырды. Әр сәтте мені қолдап, демеп тұрды. Біз
бірлесіп бірегей шоу жасадық.
Язмин Азиз, Silk Way Star қатысушысы, Малайзия:
- Мен үшін бұл ерекше тәжірибе болды. Маған бұған дейін бұл тілде ән айтпақ түгіл, мүлдем сөйлемеген тілді меңгеру керек болды. Әнннің мән-маңызын жеткізу үшін сөздерін анық, дұрыс айтуға тырысып бақтым.

