Комикс пен аниме, фильмдер мен сериалдар және компьютерлік ойын кейіпкерлері фанаттарының басын қосқан шара. Астанада жер-жаһанға танымал Comic Con фестивалі өтіп жатыр. Гик мәдениетін насихаттайтын шарада келушілер танымал актерлермен сұқбаттасып, қолтаңба алуына, бірге суретке түсуіне болады. Жиналғандарды айрықша қызықтыратыны – косплей. Сүйікті кейіпкерлерінің образын айна-қатесіз қайталаған жандар қомақты сыйақыдан да дәмелі. Дегенмен, белгілі бір жанрды өмірінің жарқын бөлшегі көретіндер үшін бұл нағыз мереке, емен-жарқын сұқбат құру алаңы іспеттес.
- Бұл,
расымен өте жақсы фестиваль. Орталық Азияда теңдессі жоқ деп санаймын. Өзім 2
жыл болды Косплейге қызығып жүргеніме. Мынау образды жасауға екі ай уақытым мен
50 000 теңге кетті.
- Керемет
деп ойлаймын. Себебі, шекаралас мемлекеттерден көптеген адамдар келіп, біздің
Астанамызды көре алады. Біздің мәдениетімізбен және рухани құндылықтарымызбен
терең танысады. Бізде ойын-сауық индустриясын дамыту керек. Адамдар да келеді.
Сұраныс та көп болады сосын.
Биылғы комиккон фестивалінің басты қонақтарының бірі – Перси Хайнс Уайт.
Танымал Уэнсдей сериалында басты рөлдердің бірін сомдаған актер, Қазақстанда
өткізіліп жатқан фестивальдің ауқымының үлкендігіне таңданысын жасырмады.
Елорданы аралап үлгерген ол, шаһардың көз тартар көркем келбетіне сүйсінгенін
де жеткізді.
Перси Хайнс Уайт, актер:
- Мен
бүтін бір тур жасадым. Барлығы өте қонақжай. Тарихи музейге барып, Алтын адамды
көрдім. Бәйтеректің төбесіне де шықтым. Қазақстан туралы көптеген қызықты
деректерді біліп жатырмын. Қаланың тарихы керемет әрі терең екен. Ел Астанасына
келгеніме өте қуаныштымын. Қазақстандық киномен де таныстым. Мәселен, «Аса
қауіпті» фильмін қазақстандық режиссер түсірген. Менің сүйікті картиналарымның
бірі. Онда сүйікті актерым - Джеймс МакЭвой түскен.
Айта кетейік, Комиккон
фестивалі 28-ші шілдеге дейін жалғасады. Оған Қазақстан ғана емес, алыс-жақын
шетелден барлығы 5 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде.