Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл

Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл

Ынтымақ, бірлік, келісім. Көпұлтты мемлекеттің негізгі қағидаттарын Қазақстан Халқы Ассамблеясы белсенді ілгерілетіп келеді. 30 жылда атқарылған ауқымды жұмыстар жөнінде бірегей құрылымның ХХХІV сессиясына қатысушылар айтты. Этномәдени орталықтардың өкілдері жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды ширату туралы Президент сөзін қолдап отыр. Бұл ең әуелі әділеттікті биік қоятын жауапкершілігі жоғары - «Адал азамат» қағидаты аясында жүзеге асырылады. Оның негізінде «Заң және тәртіп» қағидаты да бар.

Данильбек Саратов, БҚО «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы:

- Қазіргі жастар бізден гөрі бақытты. Себебі осындай құндылықтар туралы бізге ешкім айтқан жоқ. Ассамблеяның барлық негіздерін өзіміз тереңінен түсіндік. Сондықтан жастардың жолы болды. Оларға осының барлығын айтып, тәжірибе қалдырамыз. Бұл - қоғамда бейбітшілік пен келісімде өмір сүру үлгісі.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы ел игілігі жолындағы бастамалар, жобалар мен акциялардан шет қалған емес. Оның мүшелері келісім мен бірлік жолындағы жауапты істердің басы-қасында жүреді. Мысалы, өткен жылы көктемгі тасқын кезінде «Жүректен жүрекке» жобасы аясында 12 мыңнан астам ерікті ортақ іске жұмыла кірісті. Гуманитарлық көмек пен жылу жинады.

Зуппархан Чалданов, Түркістан облысы өзбек этномәдени бірлестігі ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

- Жастардың арасында патриотизмді насихаттау. Елдің бірлігін нығайтуға көмек беру болып есептеледі. «Салауатты сана» жобасының аясында нашақорлық, ойынқұмарлық, отбасындағы, қоғамдағы зорлық-зомбылық, вандализм, ысырапшылдық мәселелеріне қарсы күресу және оларды жоюға ықпал ету. ҚХА 30 жыл жұмыс барысында қазақстандық бірегейлік пен азаматтық негізінде этностардың консолидациясы мен интеграциясын қамтамасыз етті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?