Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанның IT қызметтерінің экспорты 515,5 млн
долларға жетті. Былтыр бұл көрсеткіш жыл бойына 690 млн долларды құраған. 2021-ші
жылмен салыстырғанда 10 еседен астам өсім көрсеткен. Ал отандық ІТ қызметтердің көлемі өткен жылы
1,4 трлн теңгені құрап, 4 жылда үш есе өскен. Astana Hub алаңында стартаптар
мен IT-компанияларды қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінгі таңда
оның экожүйесі 1832 компанияны біріктірді, 465-і шетелдік компания.
Қатысушылардың табысы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 368 млрд теңгеден
асты. Қазақстан InDrive, Netcracker, Playrix, Telegram және тағы да басқа
технологиялық алпауыттармен белсенді ынтымақтастық орнатып келеді.

