Қазақстанның Даму банкінің 2023 жылға дейінгі даму стратегиясы қайта қаралып жатыр

Квазимемлекеттік жобалардың үлесі азайып, кәсіпкерлікті қаржылай қолдау артады. Қазақстанның Даму банкі 2023 жылға дейінгі даму стратегиясын қайта қарастырып жатыр. Оның жаңартылған нұсқасында синдикатталған қаржыландыру және басқа да несие құралдарын енгізу көзделген.

Сондай-ақ баламалы қуат көздері сынды экологиялық таза өндіріс жобаларын жүзеге асыруға басымдық беріледі. Қаржы институты отандық экспорттаушыларды демеу көздерінің аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Мәселен, былтыр банк қаржыландырған экспорттық операциялардың арқасында жалпы құны бір триллион теңгені құраған қазақстандық өнім сыртқа шығарылды. 

ДУМАН ӘУБӘКІРОВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Экспорттық өнімдердің тізіміне қуаттық майлы және құрғақ трансформаторлар, магистралды тепловоз, өсімдік майы, кондитерлік, сүт өнімдері, алкогольсіз сусындар, аммиак силитрасы, фосфор және тағыда басқа өнімдерді экспортқа шығарып отырмыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов