Қазақстанда озық суару жүйелерін шығаратын зауыт пайда болады. Жобаны америкалық компания инвестициялайды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 1000 ауылшаруашылық машиналарды шығаруға қауқарлы.
Сарапшылардың пікірінше, суғарудың озық технологиясы өсімдік шаруашылығы өнімін 50-70% -ке арттырады және суды тұтынуды азайтады.
Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, 2020 жылдың соңында ауыл шаруашылығы 5,6% тұрақты өсімге қол жеткізді. Айта кетейік, бұл – саладағы соңғы 6 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Сонымен қатар, министрлер кабинетінің басшысы агроөнеркәсіптік кешен әлемдік азық-түлік тізбектеріндегі қиын жағдайда Қазақстандағы инфляцияны тежеудің шешуші факторына айналғанын айтты.
Сондай-ақ, БҰҰ жанындағы Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының мәліметтері бойынша, Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенде әлеуеті жоғары бес елдің қатарына кіретіндігін атап өткен жөн.
Авторы: Әсел Күшенғалиева