Жеке меншік пен оған қол сұғылмаушылық. Бұл тұрақты
дамыған мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Осы норма Қазақстанның жаңа
Конституциясында жазылған. Ол мүлiктiң қорғалуына кепiлдiк бередi, ал оны тартып
алуға немесе шектеуге байланысты кез келген мәселелер тек сот тәртiбiмен
шешiледi. Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров атап өткендей, конституциялық
құқықтар мен заңды мүдделер бұзылған жағдайда азаматтар тікелей Конституциялық
сотқа жүгіне алады. Бұл мүлікті қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз
етеді. Парламентарийдің айтуынша, мұндай норма Қазақстандағы бизнес пен
инвестициялық ахуалды тұрақты дамыту үшін аса маңызды.
Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Егер инвесторлар біздің елімізге инвестиция салғысы
келсе, олар қазақстандық немесе шетелдік болсын мүлкі мен инвестициялары
сақталып, қауіпсіз екенін, еліміздің ең басты заңымен қорғалатынын нақты
түсінуге тиіс. Сондықтан менің ойымша, Конституциядағы бұл норма еліміздің
дамуы мен экономикалық жағынан мықты әрі тұрақты ел ретінде қалыптасуы
тұрғысынан ең маңыздылардың бірі болып табылады.

