Өңірлік экологиялық саммит - әлемдік БАҚ назарында

Өңірлік экологиялық саммит - әлемдік БАҚ назарында

Астанада өткен өңірлік экологиялық саммит – әлемдік ақпарат құралдарының назарынан тыс қалмады. Жетекші басылымдар экологиялық сын-тегеуріндерге қарсы күрестің бірыңғай стратегиясына көшудің маңыздылығын атап өтеді.

Euronews хабарлағандай, өңір үкіметтері шөлейттену, биоалуандықты қорғау бағыттарындағы ұжымдық шараларды әзірлеу мақсатымен жиналды. Форумның басты тақырыптарының бірі су қауіпсіздігі саласындағы шешімдер болды. Автор Қазақстан Президентінің тек осы мәселелермен айналысатын БҰҰ мамандандырылған агенттігін құру туралы бастамасын Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары қолдайтынын атап өткен.

Америкалық The Diplomat басылымының мақаласында ең өткір экологиялық проблемаларды шешу жолында ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыру мүмкіндігі форумның басты нәтижесі ретінде аталған.  

Өз кезегінде Korea Herald үш күндік шараның ауқымын атап өтті. Өңірлік экологиялық мәселелерді талқылауға жоғары лауазымды өкілдер қатысып, елеулі инвестициялар сөз болды. Саммит аясында 2 млрд долларға жуық сомаға инвестициялық келісімдер талқыланды.

La Presse Turquoise француз басылымы Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау ісін өз саясатының негізгі басымдықтарының бірі ретінде бекіте отырып, экологиялық күн тәртібін мемлекеттік деңгейге көтергенін атап көрсетті. Мақалада климаттың өзгеруіне қарсы күреске озық технологиялар жұмылдырылатыны ерекше атап өтілген. Бұл жаңашылдықтар климаттық моделдеуді жақсарту, табиғи ресурстарды басқару бағыттарында қолданылады. Ал, жасанды интеллект экологиялық дағдарыстарды болжау құралы ретінде пайдаланылады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?