Қазақстанда қабылданған жаңа конституция бірқатар заңдар мен құзырлы органдардың заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырудар енгізуді талап етеді. Бұл жұмыстар 1 шілдеге дейін атқарылады деп күтілуде. Парламентаризм институты, сарапшылар мен Сенат депуттары алдағы заңнамалық өзгерістердің жұмыс тәртібін талқылады. Жиында конституцияның халықтық сипатын сақтап, жаңа заңдарды қабылдауда қоғаммен жіті байланыс орнатудың маңызы айтылды.
Алишер Сатывалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Осы Ата заңды қабылдадық, енді қандай жұмыстар
атқарылуы керек? Ол күшіне енгенге дейін біздің заңнама базамызға өзгерістер
қажет. Қоғамнан кері байланысты қалай жолға қоямыз, қоғамның қандай талаптары
бар? Мұны ескеруіміз керек, өйткені біз конституциялық заңдар қабылдаймыз,
салалық заңдар қабылдаймыз, соның барлығына негіз болатын қоғамнан кері
байланыстың нәтижесі ретінде жұмыс атқаруымыз керек.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- 60-тан аса заңға, конституциялық заңдарға өзгерістер
мен толықтырулар енгізу керек. Сондықтан да, бұл бағытта енді Конституцияның
қабылданғаны бір, бірақ сол Конституцияның нақты өмірде жұмыс істеуі үшін әрбір
қазақстандық соны жүрекпен сезініп, саналы түрде бұл баптарды орындауға күш
салуы керек. Яғни, бұл тек қана биліктегі адамдар немесе мемлекеттік басқару
институттары ғана емес, қазақстандықтардың барлығы бірлесе атқаратын жұмыс.

