Қазақстан астанасы әлемдік геосаяси жағдайларды тұрақтандыру қамындағы кезекті келелі кеңестер ордасына айналды. «Бейбітшіліктің жаңа формуласы: трансформация қарсаңында» тақырыбында Астана клубының VII отырысы өтіп жатыр. Елорданы халықаралық пікірталас алаңында бас қосқан әлемдік сарапшылар әдеттегідей бірнеше тақырыптық сессияда өзекті мәселелердің басын қайырмақ. Күн тәртібінде баяулаған әлемдік экономиканы жандандыру, жаһандық климат, Орталық Азия, Ауғанстан және аймақтың болашағы сынды мәселелер сарапқа түсті. Талқылауларға АҚШ, Қытай, Ресей, Испания, Бельгия, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания және басқа да әлем елдерінен 40 астам спикер қатысуда.
Чжао Хуашэн, Бейжің халықаралық диалог клубының аға ғылыми қызметкері:
- Мен Қазақстанды аймақтық деңгейдегі сұрақтарды шешу үшін қашан да белсенділік танытып, әр тарапқа тиімді болар үлкен бастамалар көтеріп жүрген ел ретінде білемін. Сондықтан түрлі өңірлерде орын алған қақтығыстардың мәселесі осы жерде шешімін тауып жатады. Яғни тараптар ортақ мәмлеге келу үшін осы жерде Астана немесе Алматы қаласында бас қосып жатады. Бұл ретте Қазақстанның рөлі айрықша екенін айтқым келеді.
Руснак Урбан,
Словакияның СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі:
- Қазақстан өзін
басқаларды бірлікке шақырып, келістіре алатын беделі жоғары бітімгер ел ретінде
танытты. Ол үшін өзіндік дипломатиясы дамыған мемлекет деп білемін. Тек осы жағынан алып қарағанның өзінде әлем
елдеріне берер пайдасы мол деп санаймын. Сондықтан Қазақстан осы ерекшелігін
әліде лайықты іске асыруын жалғастырып келеді. Жаһандық деңгейдегі өзекті
мәселелер мен халықаралық инновацияардың ұзақ мерзімді шешімдерін іздеуде
сүбелі үлесін қосып жатыр.