Әлемдік БАҚ Қазақстандағы АЭС бойынша референдум туралы

Әлемдік БАҚ Қазақстандағы АЭС бойынша референдум туралы

Өткен демалыс күндері бүкіл әлем назары Қазақстандағы басты оқиғаларда болды. Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өтті. Түрлі шетелдік басылымдар оның жай-жапсары туралы жарыса мақала жариялады.

Bloomberg америкалық ақпараттық агенттігі Қазақстан шығарындыларды азайту үшін таза энергия көзін пайдалануға ұмтылатын бірқатар мемлекеттерге қосылды деп жазды. Еуразиялық интеграция институты экзит полының сауалнамасына қатысқандардың 72%-ға жуығы атом электр станциясының құрылысын «жақтап» дауыс бергеніне тоқталды. 

France 24 Қазақстан әлемде уран өндіру бойынша көшбасшы болып табылатынын және мұнайдың орасан қорына ие екенін, бірақ электр энергиясының жетіспеушілігін сезініп отырғанын атап өтті. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін еліміз атом энергетикасын пайдалануға ниетті. 

Ал Deutsche Welle неміс порталы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен үзінді келтірді.  Онда Мемлекет басшысы республикалық референдум қарсаңында АЭС құрылысын «Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды жоба» деп атады.