Жаңа Конституция берік институционалдық негіз қалыптастырады

Жаңа Конституция берік институционалдық негіз қалыптастырады

Қазақстанның заң шығарушы билік тармағы өкілеттігін кеңейтетін мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуі заңды құбылыс. Саясаттанушы Талғат Қалиев атап өткендей, ұсынылған нормалар жаңарған билік жүйесін қалыптастырмақ. Ал өкілеттіктерді қайта бөлу саяси институттардың тұрақтылығын арттырады. Сарапшы ұсынылған Негізгі заңның басты жаңашылдықтарын атап өтті. Олардың қатарында - бір палаталы парламент – Құрылтай, вице-президент лауазымы, Халық Кеңесін құру бастамалары бар.

Талғат Қалиев, Саясаттанушы:

– Ұсынылған Конституция мемлекет басқарудың персоналистік үлгісінен институционалдық үлгіге толық көшуді көздейді. Яғни билік адам факторына, нақты лауазымды тұлғаның жеке басына емес, институттар мен рәсімдерге негізделеді. Бұл әлдеқайда тұрақты билік жүйесі. Халық кеңесін құру бастамасы да азаматтық қоғамды, этно-мәдени бірлестіктер мен өңірлік мәслихат өкілдерін қамтып, жүйенің жаңа модельін қалыптастырады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?