Өңірлік экологиялық саммиттің қатысушылары бүгін жасыл және орнықты
технологиялар халықаралық көрмесін аралады. Президенттер мен шетелдік делегациялардың
өкілдеріне Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның павильондары таныстырылды.
Мұнда жасыл энергетика мен табиғи ресурстарды басқару салаларындағы ұлттық
басымдықтарға ден қойылған. Экспозициялар орнықты экожүйені сақтауға, қоршаған
ортаны қорғау саласында ынтымақтастық орнатуға, экологиялық мәселелерді шешудің
тың тәсілдерін қарастыруға үндейді. Сонымен қатар, мәртебелі меймандарға аймақ елдеріндегі
бизнестің экожобалары көрсетілді. Аталған бастамалар аясында жасыл энергетика мен
экология бағыттарында өндірістік шешімдер ұсынылды. Көрме әлемнің 30 елінен
келген 240 астам қатысушының басын қосты.

