Жамбыл облысындағы Талас өңірінде 13,5 мегаватт үш жел электр станциясы салынуда. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады. Сондай-ақ қондырғылардан өндірілетін электр қуатын жинайтын үлкен электр станциясының құрылысы да басталды. Жыл соңына дейін жаңартылатын энергия нысандарын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен бірге өңірде алдағы уақытта қондырғылар саны көбейтіліп, олардың қуаттылығын 30 мегаватқа жеткізу көзделген. Жамбыл облысы күннің, желдің және судың әлеуетін пайдалану жөнінен республикада тұрақты жетекші орынды иеленіп келеді. Аймақта қуаттылығы 7-ден 300 МВт-қа дейінгі су, жел және күн электр стансаларын салу бойынша оннан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылды.