Абай облысындағы өрт. Оқиға хронологиясы

Абай облысындағы өрт. Оқиға хронологиясы

Еске сала кетейік, «Семей орманы» резерваты аумағындағы өрт 8 маусымда басталды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қызыл жалын  тез таралып, келесі күні 30 мың гектар орманға тарап кеткен. Өртті ауыздықтауға алты тікұшақ пен жүздеген техника, сонымен қатар көрші облыстардан қосымша күштер көмекке жұмылдырылды. Ал жақын маңдағы үш ауылдың тұрғындары уақытша қауіпсіз жерге көшірілді. Кейбірі туыстырын паналап кеткен. Жұма күні кешке облыста табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Кейін қызыл жалынның ауқымы екі есеге дейін тарап, өрт 60 мың гектар аумақты шарпыған. Табиғи апатты ауыздықтауға қазірдің өзінде еліміздің сегіз облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері жұмылдырылды. 10 маусымға қараған түні өртке оранған орман аумағы 60 мың гектардан асқаны хабарланды. Аэровизуалды барлау жүргізіліп, тіұшақтардан су шашылды.

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ТЖ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Айта кетейік, алапат өрттің шығу себептерін анықтау мақсатында ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Төтенше жағдай фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар арнайы прокурор салғырттық фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді.

Серік Беркамалов, юрист:

Жауапты адамдардың қатары біршама көп болады деп ойлаймын. Бұл Төтенше жағдайлар министрлігі, Орман шаруашылығы комитетінің қызметкерлері болуы мүмкін. Яғни, өз лауазымына сәйкес белгілі бір аймақ пен  аумақта, орман шаруашылығында  т өрт қауіпсіздігіне жауапты болған барлық адамдардан жауап алынып, кінәлілер анықталады.

АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨРТ. ОҚИҒА ХРОНОЛОГИЯСЫ

Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, жалынды ауыздықтау жұмыстары жалғасуда. Өртті сөндіруге 1500-ден астам адам, 300-ден астам техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, 14 тікұшақ әуеден визуалды бақылап, су шашты. Жалпы алапат өртті сөндіруге  барлығы 2000 тоннаға жуық су төгілді.