Ауыл шаруашылығы саласындағы тың инновациялар, агроөнеркәсіп өкілдерінің диалог алаңы және іскерлік байланыстар. Нұр-Сұлтанда «KazAgro/KazFarm-2021» көрмесі ашылды. Шараға 20-дан астам елден 120-дан астам экспонент-компания қатысуда. Көрме үш негізгі бағытта ұйымдастырылған: агротехника, өсімдік және көкөніс шаруашылығы мен мал шаруашылығы. Биыл көрменің тағы бір ерекшелігі алғаш рет еліміздегі іріқара мал тұқымдастары арасында байқау ұйымдастырылды. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл байқау ауылда жұмыс істейтін азаматтардың еңбегінің маңыздылығын көрсету, деңгейін көтеру мақсатында өткізіліп отыр.
Дәурен Матақбаев, Ақбас тұқымы республикалық палатасы директорының міндетін атқарушы:
- Қазақстаннан барлығы 30 бас іріқара келді. Қазақтың ақбас тұқымынан басқа ангус, герефорд тұқымы қойылды және қалмақ тұқымының екі бұқасы жай ғана көрме экспонаттары ретінде келді. Себебі биыл олар байқауға қатысуға мүмкіндік ала алмады. Бұл ауқымды көрмеге қатысудағы басты мақсатымыз – ауыл жұмыскерлерінің халық арасында беделін, маңыздылығын арттыру. Яғни «малшы» сөзін адамдар жағымсыз деп танымай, керісінше оның құнын білсе дейміз. Себебі шын мәнінде ауыл шаруашылығы саласында қызмет ету – өте күрделі жұмыс.
Авторы: Ақзер Сегізбай