Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 27 миллионнан асуы мүмкін

Қазақстан халқы 2050-ші жылға қарай 27 миллионнан асуы мүмкін. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы осындай болжам жасады. Талдауға былтырғы өлім-жітім мен туу және көші-қон көрсеткіштері негіз болған. Осыған сәйкес теріс сценарийдің өзінде халық саны кемінде 23 жарым миллионға жетуі тиіс. Қазіргі таңда елімізді 19 миллионнан астам адам мекен ететінін айта кету керек. Бұл ретте Шымкент пен Елорда көш бастап тұр. Алдағы 30 жылда бұл шаһарлардағы өсім екі, екі жарым есені құрайды деп жоспарлануда. Үздік үштікті тұйықтайтын алматылықтардың қатары шамамен 70%-ке ұлғаймақ. Еліміздің батыс өңірінде де оң демографиялық серпіліс байқалады. Ал, Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық аймақтарында керісінше халық қарасы сирей түседі.  Бұны мамандар еңбекке жарамды азаматтардың нәпақа табу қамында өзге дамыған өңірлерге жаппай қоныс аударуымен байланыстырып отыр.

Дмитрий Шумеков, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы   департаментінің директоры:

– Талдауды не үшін жасаймыз?  Біріншіден, еңбек нарығындағы жағдайды бақылап, жастардың ағынын білу мақсатымен. Яғни, еңбекке жарамды азаматтар қай өңірлерде аз не көп кеннін түсіну керек. Бұл орайда қауіп төндіретін қандай аймақтарға қосымша қолдау қажеттігін дер кезінде анықтау маңызды.  Сондықтан көші-қон саясатын зерттеп,  қолайсыз үрдістерді түзетуге бағытталған тиісті іс-шараларды жүзеге асыру үшін осындай болжамдар жасалады. 

 

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов