Маңғыстауда балық шаруашылығы дамып келеді

Маңғыстаудағы Қарақия ауданында балық шаруашылығы өркендеп келеді. Елдімекенде 36 мыңнан аса адам тұрады. Тұрғындар кәсіп ашып, төрт түлік басын көбейтіп отыр. Қазір ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыс көп. Аумағы 30 гектар агроаймақ құрылып, 174 гектар жерге егін егілген. Дихандар 4 мың тонна өнім алуды көздеп отыр. Елдімекендерде инфрақұрылымды жақсарту да кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Көшелерге жарық үнемдегіш шамдар орнатылып, ұзындығы 3 шақырымдық электр желісі тартылуда. Ақтаудан шалғай ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ әкімі Нұрлан Ноғаев жоспарлы жобалармен танысты.

Қарақияда балық шаруашылығы дамып келеді

Қарақияда ауыл шаруашылығын дамыту - басты назарда. Мал азығына жұмсаған шығынын азайту үшін биыл 188 шаруа қожалығына 300 млн теңгеден аса субсидия берілген. 14 ауыл тұрғыны «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2,5 пайызбен 71,2 млн теңге несие алған. Тағы 23 іскер әйел республикалық «Бір ауыл - бір өнім» пилотты жобасымен 5 млн теңгедей қайтарымсыз қаржыға ие болды. Қазір түйе мен қой жүнін өңдеп, түрлі бұйым әзірлеуде.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:
-
Жылдың аяғына дейін біз бүкіл елдімекендерге ветеринарларға 57 нива көлігін алып беріп жатырмыз. НКОК компаниясымен келістік. Ол келеді. Соның ішінде 2 инсинератор бар. Бес жедел-жәрдем, сондай 70-ке жақын көлік алып жатырмыз. Қазір сатып алу процесінде, жақын арада келеді олар.

Тұрғындармен есепті кездесуде Нұрлан Ноғаев Маңғыстауда балық шаруашылығын дамыту үшін Үкіметте арнайы бағдарлама әзірленіп, балық өсірушілерге 5 түрлі субсидия қарастырылғанын жеткізді. Екі  жылда ауданда жалпы салмағы 1,1 тонна болатын балық аулаған. Каспийден тағы 5 мың тонна балық алу жоспарда тұр. Жиында азаматтар тың бастама көтеріп, ортақ іске жұмылуға белсенділік танытты. 

Болдыхан Шалқарбаева, Сенек ауылының тұрғыны:
-
Ауыл жастары Бекет атаның жолында күкірт бар. Соны ашып, халыққа қызмет жасаймын дегені, түйе шаруашылығын өсіру жөнінде өте жақсы пікір айтты. Оның барлығын облыстың басшысы Нұрлан Асқарұлы қолдады. Бүгінгі кездесу халыққа өте ұнады деп есептеймін.

Өңір басшысы Қарақия ауданына жұмыс сапары кезінде Сенек, Бостан, Құланды азаматтарын жеке қабылдады. Мәселесін тыңдап, жауапты мамандарға әлеуметтік нысандар салу, газ құбырын жөндеу, ғаламторға қолжетімділікті арттыру бағытында жұмысты күшейтуді тапсырды.

Айым Балтабайқызы