Қостанай өңірінде жел электр станциясын салу жоспарлануда. Облыс әкімдігі бұл жоба 2027 жылға дейін жүзеге асатынын хабарлады. Оның қуаты 50 МВт-қа жетуі мүмкін.
Айта кету керек, өткен жылы облыста «Ыбырай» жел электр станциясы іске қосылды. Оның құны 26 млрд теңгеден асады, сондай-ақ жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда.