Бұл жөнінде венгрияның сыртқы істер және сауда институтының бас кеңесшісі Ласло Васа арнамызға берген сұхбатында мәлімдеді. Айтуынша, елдердің тарихи сабақтастығы бүгінде саяси, мәдени және экономикалық-әлеуметтік байланыстармен лайықты жалғасын тауып келеді. Тараптар жақында жетекші салалар бойынша бірқатар уағдаластыққа қол жеткізген. Өзара алыс-беріс жолға қойылып келеді. Мәселен, тек былтыр 11 айда тауар айналымы 30% өсіп, 160 млн долларға жуықтаған. Қазақстан аумағында қазір 32 венгриялық және 39 бірлескен кәсіпорын өз қызметін табысты жүзеге асыруда. Біздің азаматтар үшін Венгрия визасыз елдердің қатарына кіреді. Ласло Васа елдеріміз Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы көпір іспетті екенін айтады.
Ласло Васа, Венгрияның сыртқы істер және сауда институтының бас кеңесшісі
- Қазақстан венгриялық компаниялар үшін аймақтағы іскерлік қызметті нығайту үшін серпін беріп, өңір нарқына жол ашатын маңызды ел. Қазақстандық компаниялар үшін де дәл солай. Будапешт қаласы Еуропаға шығатын көпір болып табылады. Бізге еуропалық өмір салтынан гөрі Қазақстан жақынырақ. Бұл тарихи сабақтастықпен де байланысты. Тамыры терең тартқан стратегиялық әріптестік қос тарапқа бірдей тиімді болатын экономикалық байланыс әлеуетін барынша кәдеге жаратуға мүмкіндік жасайды.