Қазақстан көлік инфрақұрылымына 9 трлн теңгеден астам инвестиция салады

Қазақстан көлік инфрақұрылымына 9 трлн теңгеден астам инвестиция салады

Қазақстан көлік инфрақұрылымына 9 трлн теңгеден астам қаржы тартады. Бұл туралы ел Үкіметі мәлімдеді. Биыл республика аумағында жаңа әуежайлар салынады. Катон-Қарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында әуе айлақтары пайда болады. Сондай-ақ, 2030 жылға дейін елімізде жаңа автожол желілері төселеді. Олардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрамақ. Темір жол, су және теңіз көлігі саласында да ірі жобалар жүзеге асырылады. «Достық-Мойынты» және «Алматы айналма жолы» жобалары бойынша теміржол құрылысын аяқтау күтілуде. Сондай-ақ, «Достық - Бесқол» және «Мойынты - Балқаш» учаскелерінде көлік қозғалысын ашу жоспарланған. Еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, елдің батысындағы Ақтау портында контейнерлік хаб құрылысы басталды. Ол Орта дәліздің өткізу қабілетін арттырады. Яғни, Әзербайжан, Грузия, Түркия арқылы Транскаспий бағыты бойынша контейнерлік тасымалды ұлғайтуға, сондай-ақ Қытайдан Еуропаға өтетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға мүмкіндік береді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?