Қазақстан Президенті агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін нығайтуды тапсырды

Қазақстан Президенті агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін нығайтуды тапсырды

Көбірек табыс әкелетін дәнді-дақылға көшуді жалғастыру, шикізатты сақтау және оны терең өңдеу мүмкіндіктерін арттыру, өнімді шетелге шығаруға қолдау көрсету. Қазақстан Президенті еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін нығайтуды тапсырды. Былтыр экономиканың басқа салаларына қарағанда ауыл шаруашылығы даму қарқыны бойынша алға шықты. Бұған көктемгі егіс науқанына берілетін арзан несие көлемін едәуір арттырудың арқасында қол жеткізілді. Биыл осы науқанға кемінде 700 млрд бағыттау керек, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл ретте арзан несиені малшыларға және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеушілерге беру қажет. Сонымен қатар, Президент тиімділігі төмен субсидиялау тәсілінен жеңілдікпен несие беру тәсіліне көшу жөнінде бұрын қойылған міндетті еске салды. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын республика шарулары қолдап отыр.


Иван Веселовский, Агроинновация және биотехнология ғылыми институтының ғылыми қызметкері:


- Мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту еліміздің экономикалық жағдайына оң әсерін тигізеді деп есептеймін. Сондай-ақ, субсидиялаудан несиелендіруге көшу де аграрлық өнеркәсіптің дамуына оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?