Сенат одақтың үшінші елдермен сауда жүргізу кезіндегі кедергілерді жою тәртібі мен шарттарын айқындайтын құжатты мақұлдады. Бүгінде біріңғай кеңістік аумағына кіретін өнімдерді реттеуге қатысты 50-ден астам техникалық регламент бар. Оның 46-сы күшіне енген. Өзгелерін 2025-ші жылға дейін бекіту көзделген. Тек былтыр ғана Қазақстанның одақтан тыс елдермен тауар айналымы 50 млрд долларға жуықтаған. Бұл 21-ші жылдан
33,5%-ке жоғары. Бұл ретте экспортың үлесі аз емес. Ондағы өсім 24 жарым процентті құрады. Өңделген отандық тауарлар негізінен Қытай, Өзбекстан, Түркия және Нидерландыға жіберілген. Мамандар алдағы уақытта елімізде жасалған өнімдердің экспорты тағы 10% ұлғаюуы мүмкін деп болжап отыр. Бұған аталмыш келісімнің септігі тимек.
Серік Жұманғарин, ҚР сауда және интеграция министрі:
- Келісімді қабылдау одақта және үшінші елдің аумағында белгіленген міндетті талаптардың салыстырмалылығын айқындау негізінде сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануға жағдай жасайды. Сондай-ақ келісімде мүше мемлекеттерде және үшінші елде қолданылатын сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу рәсімдерінің баламалылығы қамтамасыз етілуі тиіс екендігі көзделген. Ұсынылған тәсіл отандық өнімді ілгерілетуге бағытталған.