Бұған биыл қамбаға құйылған рекордтық астық көлемі мүмкіндік беріп отыр. Яғни, елдің сыртқы сұранысты қанағаттандыруға әлеуеті жетіп артылады. Алайда, бұл межені толық жүзеге асыру үшін логистика қауқарсыз болып тұр. Тасымалдайтын көлік нысандары жеткіліксіз, мамандар тапшы. Бұл тек бір ғана тарапты алаңдатып отырған мәселе емес. Осы және өзге де агроөндірістік кешен түйткілдерінің түйінін шешу үшін Орталық Азия нарығының негізгі ойыншылары елордада бас қосты. Аймақтың басты экспорттаушылары, өңдеушілері, инвесторлар мен сарапшылар өңірде дәнді және майлы дақылдардың нарығын бір жүйеге келтіріп, өзара алыс-берістің тиімді жолдарын табуға қатысты ортақ мүдде қамында талқылаулар жүргізіп жатыр. Жиынға өңірдің ауыл шаруашылық өнімдеріне қызығушылық танытатын 15 елдің өкілдері қатысуда.
Зейнолла Әбдуманапов, ұлттық экспорттаушылар қауымдастығының төрағасы /Қазақстан/
Біздің экспорттайтын негізгі нарығымыз ол Орталық Азия мемлекеттері. Соның ішінде, үш миллион тоннаға жуық бидайды біз Өзбекстанға жібереміз, 1 миллион астамын Тәжікстанға жібереміз. Тағы 500-600 мың тона шикізат бидайын Ауғаныстанға жібереміз. + Сонымен қатар Иранға + қытайға жібереміз.
Алишер Махмудов, Орталық Азиялық сауда үйінің бас директоры /Өзбекстан/
Әрбір өзбекстандық үйдің тандыр наны қазақстанның ұнынан жасалады. Қазақстандық өнім жарнаманы қажет етпейді. Өзбекстанның тұтынушылары оның сапасы жоғары екенін жақсы біледі. Бұл жерде табиғи таза өнім өндіретін жергілікті әріптестеріміз бар. Қазіргі таңда майлы дақылдар, өсімдік майы мен бидайға ешқандай шектеулер жоқ. Сондықтан қазір өзбекстандық тарап осы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алудың жаңа жолдарын қарастырып жатыр. Сондықтан үлкен делигациямен келдік.