Қазақстанның әуе кеңістігі тасымалдаушылар үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Осы мақсатта 2025 жылға дейін екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олардың ішінде әуе жолдарын икемді пайдалану технологиясы бар. Ол негізгі бағыттар мен қиылыс нүктелеріндегі кептелістерді азайтуға мүмкіндік береді. Және бұл ұшу уақытын және отын шығынын азайтуға көмектеседі. Екіншісі – еркін бағыттау принципі. Бұл белгілі бір кіру және шығу нүктелері арасында мақсатсыз ұшуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ аралық нүктелерді бір уақытта пайдалануға болады.Сонымен қатар, тасымал көлемін арттыру бойынша бірқатар арнайы шаралар қарастырылған. Бұл қосымша секторларды ашу, лайнерлердің елімізде қонуы үшін кеңістікті пайдалануға рұқсат беруді жеңілдету сынды шаралар. Министрліктің мәліметінше, бұл бастамалар жүзеге асса Ресей әуе кеңістігінің жабық болуына байланысты шетелдік бағыттарды қайта қарастыру ел кірісін айына 1,5 миллион долларға арттырады.
Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, биылғы жылдың алғашқы екі айында әуе кемелерінің жүк айналымынан түскен кіріс бір миллиард теңгеден асады. Ал, жолаушылар тасымалынан– 47 млрд-тан астам қаражат түскен.