Өзбекстанда бірқатар елдің өнеркәсіп әлеуеті таныстырылды

Өзбекстанда бірқатар елдің өнеркәсіп әлеуеті таныстырылды

Құрылыс, энергетика, көлік жасау және ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық шешімдер. Ташкентте «INNOPROM. Central Asia – 2025» халықаралық көрмесінде бірқатар елдің өнеркәсіп әлеуеті таныстырылды. Онда жергілікті өндіріс ошақтарымен қатар, 50 шетелдік компания төл өнімдерін ұсынды. Көрме қонақтары Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Беларусь ұлттық экспозицияларымен танысты. Ауқымды іс-шара өзара іскерлік байланыстар орнатып, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға ықпал етеді. Жаңа технологиялармен алмасуға қолайлы алаңға айналды. Қатысушылар өзара пайдалы қазбаларды игеру мен шикізатты терең өңдеудің тың әдістерімен бөлісті. Шара аясында агроөндірістік кешен мен заманауи ІТ шешімдер бойынша бірқатар ынтымақтастық орнады.

Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- «Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өнеркәсіп бойынша екіжақты қарым-қатынастың оң динамикасын атап өткім келеді. Қазір өзбек тарапымен бірге 78 жобаны қолға алдық.  Бүгінгі таңда оның 12-і нақты жүзеге асырылып, іске қосылды.  Бірлескен  жобалардың жалпы құны шамамен 3,3 млрд долларды құрайды. Бұл ірі өндірістік жобалар Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеевтің елдеріміз арасындағы тауарайналымын 10 млрд долларға дейін ұлғайту жөнінде қойған тапсырмасын таяу арада орындауға өз септігін тигізетініне сенімдімін».

Санжар Насимов, «TexnoРark» жобалау және құрастыру бөлімінің басшысы, Өзбекстан:

- «Көрмеде жылу, салқындату жүйелері мен гольфкарлар өндірісі, жиһаз, түрлі тұрмыстық техникалар ұсынылды. Шетелдік серіктестеріміздің Өзбекстанда шығарылатын өнімдерге үлкен қызығушылық танытып отырғаны қуантады».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?