Алматыда Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумы өтеді

Басқосуға әлемнің 29 елінен 700-ден астам делегат қатысатынын растаған.

Айта кетейік, Дүниежүзілік мұнай кеңесі – БҰҰ жанында аккредиттелген коммерциялық емес ұйым. Оның мақсаты – мұнай және газ өнеркәсібінің негізгі мәселелерін талқылау үшін жағдай жасау. Ұйымға 59 ел мүшелік етеді. Қазақстан кеңестің 2008 жылы толық құқықты мүшесі болды. Кеше ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ұйымның президенті Педро Мираспен кездесті. Үкімет басшысы.

Қазақстан көмір станцияларын газға көшіру, сутегі энергетикасын дамыту бойынша ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізді. Қазіргі елімізде 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы әзірленіп жатыр.