Қазақстан
астанасының экономикасына салынған инвестициялар
көлемі артып келеді. 2024 жылдың
бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 632 млрд теңге қаражат тартылған.
Бұл өткен жылдың алты айымен салыстырғанда 13% артық. Жалпы, 2023 жылы 1,6 трлн
теңге салынды. Жеке инвестицияларды тартуда да оң серпін байқалады. Ондағы динамика шамамен 14% еселенді.
«Астана инвест» атап өткендей, бұл қаланың инвестициялық климатына сенімнің
жоғары деңгейін көрсетеді.
Сәбит
Мұхамеджанұлы, Қалалық
инвестицияларды дамыту орталығы басқарма төрағасының орынбасары:
- Бізде құрылыс пен
өнеркәсіпке инвесторлар бар. Орта есеппен алғанда жобаларды жүзеге асыру екі
жылға жуық уақытты алады, біз, осы инвестициялардың жемісін 18-20 айдан кейін көреміз.