«Қос кемеңгер». Елордада осындай атаумен қазақ өнерінің майталмандары Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің құрметіне концерт өтті. «Астана Опера» театрының солистері мен артистері атақты авторлардың «Абай», «Ария», «Романс», «Қазақ вальсі» операларын және басқа да вокалдық туындыларын орындады.
Сахнада орындалған шығармалар скрипкамен, сондай-ақ қобыз, виолончель және басқа да аспаптарға арналған өңдеуде ұсынылды. Талғампаз көрермен алдында Ахмет Жұбановтың шөбересі, пианист Карина Измаилова да өнер көрсетті.
Айта кетейік, концерттік бағдарлама қос сазгердің 115 жылдық мерейтойына орай орындалды. Ұлықталған композиторлардың бай музыкалық мұрасы төл мәдениетіміздің алтын қорына енген.