Астанада «Қамажай» халық биін жаппай орындау бойынша
рекорд орнатылды. Ауқымды хореграфиялық флешмоб елорданың 3 мың мектеп оқушысын
жиды. Мың бұрала билеген қыздардың бірегей қойылымы Наурыз мерекесіне орай
ұйымдастырылды. Жоба авторлары мұндай
жарқын әрі есте қаларлық іс-шаралар арқылы Қазақстанның ұлттық би өнерінің
қуаты мен сұлулығын бүкіл әлемге танытуды және көктем мерекесінің рухын
жеткізуді мақсат екендерін алға тартады.
Рахат Тәуіржан, «Шашу» би ансамбльінің жетекшісі:
- Бүгінгі шарамыздың басты мақсаты «Қамажа» биі арқылы
қазақтың ұлттық өнерін насихаттау. Өткенде
Қытайда «Қара Жорға» биі әлемдік рекорд орнатқаны баршаға мәлім. Ал, біз болсақ
бұл жолы ұлттық биіміз «Қамажайды» орындауды жөн көрдік. Бұл кербез би қазақ
қыздарының нәзіктігін көрсетеді. Осы ауқымды әрі маңызды іс-шараға бір ай бойы
тынымсыз дайындалдық.
Фариза Арбулаева, №97 мектеп оқушысы:
- Біздің дайындықтармыз негізі қатты қыйында, бірақ оңайда
болған жоқ. Қазақи биімізді дамытып, күнделікті осылай көрсетіп. Біз жанағыдай
қазақи биімізді ынтамызбен, ұнаттып, қатты солай биледік.
Айта кетейік, шара аясында ұлттық киімдердің көрсетілімі
өтті. Бұл шара Наурызнама онкүндігінің аясында ұйымдастырылды. Оның қонақтары
қазақи нақышта жасалған заманауи сән үлгілерімен танысты.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

