Сенатта Республика күнінің тарихи-құқықтық маңызы талқыланды

Сенатта Республика күнінің тарихи-құқықтық маңызы талқыланды

Сенатта депутаттар, Конституциялық Сот пен Парламентаризм институтының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар Республика күнінің тарихи-құқықтық маңызын талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар 1990 жылы 25 қазанда мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы еліміздің тәуелсіздігі мен құқықтық жүйесінің қалыптасуына бастау болғанын атап өтті. Құжатта Қазақстан алғаш рет өз Конституциясы мен төл заңдарының үстемдігі туралы ресми түрде мәлімдеді. Сарапшылардың айтуынша, Республика күні тәуелсіздіктің құндылығын, ел болашағы үшін жауапкершілікті еске салады. Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын сақтап, пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Оның маңызы тәуелсіздікке, елеміздің өзінің тұрақтылығына, өзінің халқының біртұтастығына, біз енді тек қана қазақ халқы емес басқа да этностарда бар, бұны бірге бір ынтымақта өмір сүрудің негізгі бастауы деп қабылдау керек.

Қайрат Тастекеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Осы күн Қазақстан үшін, қазақстандықтар үшін өте маңызды мереке. Қазіргі кезде біздің жастарымыз білімді, білікті деп айтуға болады. Бұны жақсы сезіне біледі, түсіне біледі. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?