Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Әдеби сайыс дәстүрге айналып, осымен 5-ші мәрте өткізілді. Биылғы ол қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтің 100 жылдығына арналды. Доданы «Amanat» партиясы ұйымдастырды. Жұмыстар тамыз-қазан айларында іріктелді. Ақтық сынға 150 автордың туындылары өтті. Жеңімпаздар «Поэзия», «Проза», «Әдеби сын» және «Балаларға арналған шығарма» аталымдары бойынша анықталды. Үздік атанғандары арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы, «Аmanat» партиясының төрағасы:
– Бәріміздің ойымыз да, мақсатымыз да бір. Ол – елге қызмет ету. Ал,
мемлекеттің мүддесі жолында адал қызмет етіп, елдің рухын көтеріп жүрген тұлға
– ол біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Байқасаңыздар, Мемлекет
басшысы өз сөзінде рух деген сөзді өте жиі айтады. Әділдік, адалдық, отан
сүйгіштік, еңбекқорлық, оның ішінде адал еңбек сияқты құндылықтарға ерекше мән
береді. Сіздердің шығармаларыңызға да құндылықтарға, елдегі оң өзгерістерге
арқау болады деп мен сенемін.

