Павлодарда Мәншүк Мәметова пайдаланған самаурын сақталып тұр

Павлодарда Мәншүк Мәметова пайдаланған самаурын сақталып тұр

Аты аңызға айналған пулиметші - Мәншүк Мәметова шәй ішкен самауырын Павлодардағы Әскери Даңқ музейінде сақтаулы. Құнды жәдігерді мұражайға қоғам белсендісі - Жұмабек Қамзин тапсырған. Ол соғыс болған жерлерде ұйымдастыратын экспедицияларға жиі шығып тұрады. Іздестіру жасағының құрамында Ресейдің өлкетанушылармен кездесіп, самауырын туралы естіген. Осылайша, батыр қыздан қалған құнды мұраны елге жеткізді. Айта кетейік, дәл осы музей орнында соғыс жылдары сарбаздарды майданға аттандыратын теміржол бекеті болған. Ал, бүгінде соның үлгісі ретінде арнайы инсталляция орнатылған. Бұдан бөлек, әйгілі Т-34 танкісі мен жауды талқандаған Махмет Қайырбаевтың зеңбірегі де бар. Соғыс жолымен 2 мың шақырымнан астам қашықтықты жүріп өткен қарудан 1200 тарта оқ атылғаны да анықталыпты.

Күләш Шайдуллина, Әскери Даңқ музейінің жетекшісі:

- Біздің музейдің мақтанышы - Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың аңызға айналған зеңбірегі. Ол бізге 1992 жылы Вильнюс қаласынан берілді. Бұған дейін ол Ленинград қаласындағы музейде тұрған. Кейін Вильнюсқа тапсырылды, ал қазір біздің музейдің кіреберісінде тұр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?