Петропавлда Ұлттық ұлан Академиясының
курсанттары мен сарбаздары соғыс ардагері Фёдор Щегловты Ұлы Жеңістің 80
жылдығымен құттықтады. Әскерилер 98 жастағы майдангердің үйінің алдында әскери оркестрдің
сүйемелдеуінде сап түзеп, жүріп өтті. Бұл игі шараға курсанттар мен
сарбаздардың өздері бастамашы болды.
Ардагер жас сарбаздарға соғыс жылдары туралы айтып берді. Федер
Щеглов ұрысқа Кёнигсберг қаласында қосылған. Палау аралындағы арнайы
операциялар мен жорыққа қатысқан. Жауынгерлік ерліктері үшін ардагер II
дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен
марапатталған.
Федор Щеглов, соғыс ардагері:
- «Құрмет көрсетіп,
қамқорлық танытқандарыңыз үшін рақмет. Барлықтарыңызға айтар алғысым шексіз».

