«Мұрадағы өрнектер: Өзбекстанның кесте және тігін дәстүрлеріне саяхат».
Осындай тақырыпта Ұлттық музейде Өзбек кестелеу өнеріне арналған халықаралық
көрме ашылды. Келушілер назарына XIX-XX
ғасырларға тиесілі алтын жіппен кестеленген ұлттық киім үлгілері, зергерлік
бұйымдар, дәстүрлі аяқ киім мен аксессуарлардың бірегей үлгілері ұсынылады. Бұл
өнер туындылары – қолдан жасалған жауһарлар ғана емес, Орталық Азияның бай
мәдени мұрасын паш етеді. Шараның өзі екі ел арасындағы мәдени байланысты
нығайта түседі. Көрме 1-маусымға дейін жұмыс істейді.
Бобур Саемов, Өзбекстан
мәдениет және өнерді дамыту қоры мәдени ынтымақтастық департаментінің директоры:
- Бұл көрмеге Өзбекстанның бес ірі мұражайынан 122 экспонат қойылды. Шараға дайындық жұмыстары бір жылға созылды. Өзбекстан мұражайларының кураторларымен бірлесіп жұмыс істедік. Сондай-ақ, көрменің ерекшелігі мен бірегейлігін арттыру үшін 30-дан астам мұражай экспонаты қалпына келтірілді.
Сайран Дүйсенов, ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары:
- Мен ойлаймын бұл көрмеге біздің Қазақстанның көрермендерінің
қызығушылығы өте көп деп. Қазірдің өзінде де біздерге түсіп жатқан хабарламалар
қаншаға созылады, қандай болады, қалай болады деп осы уақытқа дейін сұрап жүр.
Сондықтан бұл көрменің жетістігі әлі де көп болады деп есептейміз.

