Ресейдің Түмен облысында Қазақ мәдениетінің күндері өтті

Ресейдің Түмен облысында Қазақ мәдениетінің күндері өтті

Ресейдің Түмен облысында қазақ мәдениетінің күндері өтті. Онда аймақта тұратын және өзге де өңірлерден келген қандастар бас қосты. Қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, концерт тамашалады. Қазақтың күйі күмбірлеп, әуезді әні шырқалды. Сахнада вокалдық және би шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ отбасылық ансамбльдер өнер көрсетті. Мерекелік шара меймандары арнайы көрмеде құрақ құрау өнерімен де танысты. Оның  аясында ұлттық дәстүрлерді сақтау ісіне елеулі үлес қосып жүрген қазақ отбасыларына құрмет көрсетілді. Жалпы Түмен облысында 40 мыңға жуық қазақ тұрады.


Асқар Қалиев, Түмен облысының тұрғыны:

- Өзіміздің салт-дәстүрімізді көрсетейік деп, және де өзіміздің балаларымыздың сабақтарын, білімін, домбырасын, билерін, күйлерін көрсетеді.

Гүлмира Еркімбекова, Түмен облысының тұрғыны

- Қазақ тілін игереміз, оқимыз, балалар да, үлкендер де оқиды. Тіршілігіміз де дұрыс, бәрі жақсы. Біздің қазақтар барлық әдет-ғұрыпты сақтайды, әрбір мекемеде өзіміздің қазақ ойындарын өткіземіз. Қазақтың мерекелерін бірге өткіземіз. Осындай ақ отауымыз бар.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?