Silk Way Star: өнерпаздар қазақ әндерін шырқайды

Silk Way Star: өнерпаздар қазақ әндерін шырқайды

Ертең «Silk Way Star» халықаралық музыкалық байқауының кезекті саны эфирге шығады. Бұл жолы шетелдік өнерпаздар қазақ әндерін шырқайды. Жаңаша өңдеп, өз тілдеріне аударып, орындайды. Бұл қазақ әндерінің әлемге таралуына жол ашады. Еске сала кетейік, өткен шығарылымда қатысушылар Queen тобының, Уитни Хьюстон, Кристина Агилера және өзгеде әлемге әйгілі сахна жұлдыздарының әндерін орындады. Онда Малайзиядан келген Язмин Азиз үздік өнер көрсетті. Қазылар алқасы, сондай-ақ қазақстандық Әлем мен армениялық Саро Геворгянның өнерін жоғары бағалады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?