Қазақстан Жапонияның Осако қаласындағы Экспо көрмесінде жеңімпаз атанды.
Еліміздің Ұлттық павильоны Theme Development номинациясында үздік атанды. Бұл
көрме тақырыбын ашу аталымына 90 мемлекет қатысқанын айта кету керек.
Сарапшылар қазақстандық экспозицияны тақырыпты мазмұнды және креативті
түрде ашқаны үшін жоғары бағалады. Бұл жөнінде Жапон және халықаралық БАҚ-та
жарыса жазды. Жалпы Экспо аясында мұнда 9 іскерлік және мәдени шара өткізілді. Ерекше
көзге түскен тақырыптардың бірі - Қазақстанның Ұлттық күні. Ол 10 тамызда ұлы
Абайдың 180 жылдығына арналды. Жалпы қонақтар бұл жерде еліміздің мәдениеті,
дәстүрі, тарихы, инвестициялық және инновациялық әлеуеті, сондай-ақ цифрландыру
мен тұрақты даму саласындағы жетістіктерімен танысты. Алты айға созылған
көрмеде отандық павильонды 1 жарым млн
астам адам тамашалаған. Бұл қатарда ресми делегациялар, халықаралық ұйымдар,
бизнес, медиа және шығармашылық қауым өкілдері болды. Айта кетейік, ЕХРО 2025
13 сәуірден басталып, бүгінге дейін жалғасты. Мұнда барлығы 160 мемлекет пен 9
халықаралық ұйымның көрмесі шоғырланған. Ал келушілер саны 28 млн адамға
жуықтады.

