Ұлттық Банкі төрағасының қолы және банкноттарды қолдан жасау үшін жауаптылық туралы жазбасы жарияланды. Қазақстан теңгесінің дизайнына қосымша элементтер енгізілуі мүмкін. Қазіргі таңда тиісті өзгепістер қоғамдық талқылауға шығарылды. Еліміздің монетарлық реттеушісінің айтуынша, бұл жаңалықтар тұтынушы алдында шығарылған банкноттардың түпнұсқалығына кепілдік беру функциясын күшейту мақсатында енгізіліп отыр. Бұл практика бірқатар елдерде, атап айтқанда Еуропалық одақта сондай-ақ Англияда, АҚШ пен Сингапурда қолданылады.