Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу өткізді. Тараптар көлік-логистика, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылық салаларының мәселелері және трансшекаралық өзендер жайын талқылады. Келіссөздерден кейін екі мемлекеттің басшылары Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай бірлескен мәлімдеге қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев құжат қарым-қатынастардың жаңа «алтын 30 жылдығының» басталғанын білдіретінін атап өтті. Өз кезегінде, Си Цзиньпин қазақ-қытай қарым-қатынастарының дамуын жоғары бағалап, бұл сапарының екіжақты байланыстарды одан әрі ілгерілетуге тың серпін беретінін жеткізді. Қытай өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымдарын қолдайды, деді Халық Республикасының Төрағасы.