Түрікменстан шетелдік нарыққа балмұздақ шығара
бастады. Карамель, шоколад және кілегей дәмді балмұздақтың бірінші экспорттық
партиясы Біріккен Араб Әмірліктеріне жөнелтілді. Өндіруші кәсіпорын өкілдерінің
айтуынша, дәмді десерт сүт, кілегей, қант және карамель сынды табиғи
ингредиенттерден дайындалады. Зауыт өңірдегі ең ірі өнеркәсіп орны саналады
және ол тәулігіне 16-17 тоннаға дейін балмұздақ шығаруға қауқарлы.
Өндірілетін өнімнің ішінде әр түрлі дәмдегі айскримнің
60-тан астам түрі бар. Сонымен қатар, кәсіпорын күн сайын 45 тоннаға дейін сүт
өнімдерін, соның ішінде ірімшік пен йогурт шығарады. Сондай-ақ, 15-тен астам
елге, атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Грузия,
Иран, Вьетнам, Үндістан, Ауғанстан және Моңғолияға ет, шұжық және кондитерлік
өнімдер экспортталады.
Сердар Ходжагельдыев, Кәсіпорынның
зертхана бөлімінің бастығы:
- Экспортқа арналған
кондитерлік өнімдер, шоколад және балмұздақ мұқият тексеріледі. Бұл олардың зақымданусыз
тасымалдауға төзімді екеніне көз жеткізу үшін қажет. Атап айтқанда, мұздатылған
өнімдер үшін межелі пунктке келгенге дейін арнайы жабдықталған көлік құралдарының
- 30-дан - 35 нөлден төмен градусқа дейінгі температураны ұстап тұру өте маңызды.
Өнім сапасының жоғарылығы мен «Халал» сертификатының болуының арқасында ішкі
және шетелдік нарықтарда жоғары сұранысқа ие.

