Бұл туралы Ұлттық банк ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин айтты. Дей тұрғанмен индекс бұрынғысынша теріс аймақта тұр. Жалпы көрсеткіш желтоқсанда 49,2 болды. Индекстің жақсаруына жаңа тапсырыстар мен өнім көлемінің ұлғаюы ықпал еткен. Мұнда өсім көрсеткіші 50 баллдан жоғары болды. Сондай-ақ құрылыс саласында айтарлықтай өсім бар. Қалған секторларда индекс 50 шамасынан төмен қалыптасты. Тау-кен өнеркәсібінде жаңа өнім көлемі, жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуі және жеткізу мерзімінің ұлғаюы есебінен іскерлік белсенділік біршама төмендеді. Кәсіпорындар бүгінгі бизнес жағдайларды әлі де теріс бағалап отыр. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ бизнес жағдайлардың орташа бағасын білдіретін бизнес-ахуал индексі 2,6-ға дейін төмендеді. Дегенмен іскерлік топ өкілдері коммуникацияларға қолжетімділік пен дайын өнімге деген сұранысты оң бағалады.